Шымкентте 200-ден астам комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқудан өтті

0
573

Шымкент қаласы бойынша квазимемлекеттік сектор ұйымдары, коммуналдық мемлекеттік мекемелері және жеке компанияларда 206 комплаенс-офицерлер қызмет атқаруда.


Шымкентте 200-ден астам комплаенс-офицер сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқудан өтті

Бүгін қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасымен өңірдің комплаенс-офицерлерінің коучингі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараға Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қалалық филиалының директоры Әділет Нысанбаев, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Инкай» БК» ЖШС комплаенс-офицері Дархан Шалбаев арнайы шақыртылды.

Кездесу барысында спикерлер квазимемлекеттік сектор ұйымдарының жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізудің негізгі тәжірибелерін жеткізді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою жөніндегі жұмыстың ішкі процестері, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан жүйелі шаралар түсіндірілді.

Сонымен қатар, ұйымдастырушылар квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы Үлгілік ереженің бекітілгені туралы хабарлап, онда комплаенстің нақты мақсаттары, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері көрсетілгендігін айтты.

Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстарына түсіндірме беріліп, сондай-ақ ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді қызмет үшін үлгілік міндеттер қалыптастырылды.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша квазимемлекеттік сектор ұйымдары, коммуналдық мемлекеттік мекемелері және жеке компанияларда 206 комплаенс-офицерлер қызмет атқаруда.

Оның ішінде 3 мекемеде дербес комплаенс-қызметі («Shymkent» ӘКК» АҚ, «М. Әуезов атындағы ОҚУ» КЕАҚ, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ) құрылып, 203 мекемеде комплаенс функциялары заңгер, басшының орынбасарлары және қосалқы бөлім қызметкерлеріне жүктелген.