​Шымкентте 200 төсек-орындық инфекциялық госпиталь салу жоспарлануда

0
1 013

Блок-бекеттердегі медициналық пункттер 52 байланыссыз термометрлермен, 71 обаға қарсы костюм жиынтығымен жабдықталған.


​Шымкентте 200 төсек-орындық инфекциялық госпиталь салу жоспарлануда

Шымкентте 200 төсек-орындық жедел салынатын инфекциялық госпиталь салу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекбауова Айгул Жақыпқызы мәлімдеді.

Коронавирус инфекциясының Шымкент қаласында таралуына жол бермеу үшін, сонымен қатар, азаматтардың қозғалысын барынша азайту мақсатында, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның келісіміне сәйкес, Шымкент қаласында 2020 жылдың 31-ші наурыздың сағат 21:00-ден бастап бірнеше шектеу шаралары енгізілді. Шымкент қаласының кірме жолдарына 18 блок-бекет қойылған. Блок-бекеттерді қамтамасыз ету үшін 3 кезекте, 18 жедел медициналық жәрдем бригадасы, бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарынан 45 орта медициналық қызметкер (фельдшерлер, медбикелер) жұмылдырылды. Блок-бекеттердегі медициналық пункттер 52 байланыссыз термометрлермен, 71 обаға қарсы костюм жиынтығымен жабдықталған.

Шымкент қаласы бойынша керекті төсек-орындар, госпитальдар толық дайын. Нақтырақ айтқанда, қалада барлығы 680 төсек орынға арналған провизорлық стационарлар бар (қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы – 180 төсек, «Мейірім» оңалту орталығы - 120 төсек, «Атамекен» медициналық орталығы - 380 төсек). Сонымен қатар, 1456 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар қарастырылған. Сондай - ақ, бүгінгі күні 200 төсек-орындық жедел салынатын инфекциялық госпиталь салу мәселесі қарастырылуда.