Шымкентте 2021 жылы 400 аялдаманы жаңарту жоспарланған

0
565

145 ескі аялдама қала сыртында орналасқан елді мекендерге орнатылды


Шымкентте  2021 жылы 400 аялдаманы жаңарту жоспарланған

Шымкент қаласында аялдамалар жаңартылып, аяқжолдар құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ағымдағы жылы "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы шеңберінде қала аумағында 260 дана аялдама орнатылуда. 145 ескі аялдамаға демонтаж жасалып, қала сыртында орналасқан елді мекендерде орнату жұмыстары жүргізілді.

Аталған жұмыстарға республикалық бюджеттен 534,4 млн. теңге қаралды. Атап өтсек, Абай ауданында - 70, Әл-Фараби ауданында - 70, Еңбекші ауданында - 50, Қаратау ауданында - 70 дана аялдама орнатылуда. 2021 жылға 400 аялдаманы жаңарту жоспарланып отыр.
Қала жолдарының бойында 912 шақырым аяқ жол бар. 2020 жылы 319 шақырым аяқ жол құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілді.