Шымкентте 25 жастағы жігіт 11 қабатынан құлап, қайтыс болды

0
660

Егер қайғылы жағдай жұмыс берушінің тікелей кінәсінен болғаны дәлелденсе, мердігер компания заң алдында жауап береді.


Шымкентте 25 жастағы жігіт 11 қабатынан құлап, қайтыс болды

Шымкентте құрылыс алаңында 25 жастағы жігіт 11 қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының еңбек инспекциясы құрылыс алаңында қауіпсіздік техникасының сақталуын тексеруге кірісті.

Оқиға 25 қазанда түстен кейін Шымкент қаласында "Нұрсат" шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үй құрылысының аумағында болды.

Бас мердігер компания өкілдерінің айтуынша, құрылысты қосалқы мердігер жүргізген. Марқұм сол серіктестікте жалданып жұмыс істеген, деп жазды Otyrar.kz.

Тексеру комиссиясының нәтижесі мен қорытындысы полицияға беріледі. Егер қайғылы жағдай жұмыс берушінің тікелей кінәсінен болғаны дәлелденсе, мердігер компания заң алдында жауап береді.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте өндірісте 30-ға жуық жазатайым оқиға тіркелді. Оның ішінде 11 адам ауыр дене жарақатын алды, 4 жұмысшы қайтыс болды. Жазатайым оқиғаларға байланысты еңбек инспекциясы сақтық шараларын қатаң сақтауды ұсынады.