Шымкентте 30-ға жуық «Достық» клубы жұмыс істейді

0
2 193

Шымкент қаласында 100-ден астам түрлі этнос өкілдері өмір сүреді.


Шымкентте 30-ға жуық «Достық» клубы жұмыс істейді

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары және қалалық этномәдени бірлестіктерінің кезекті жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов төрағалық етті.

– Тәуелсіздіктен кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Елбасының бастамасымен құрылған болатын. Осы уақытқа дейін ұлтаралық татулықтың ұйытқысы болып келді. Елде қандай қиын жағдай орын алмасын этнос өкілдері бірге атсалысып келеді. Мемлекеттік тілді дамыту және оны ары қарай жаңғырту жолында бірлесе жұмыс атқарамыз, - деді қала әкімі.

Кездесуде қаладағы этносаралық ахуал және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша атқарылған жұмыстар жайы сөз болды.
Биыл қалада этнос өкілдерінің қатысуымен «Абай оқулары» эстафетасы, «Әл-Фараби тағылымы» танымдық акциясы, «Мен Туыммен мақтанамын» челленджі, «Қаламның тарихи орындары» онлайн-саяхаты, «Мемлекеттік тіл – тұғырым» вебинары, «Елбасы жолымен» танымдық экспедициясы, «Тәуелсіздік табыстары» лекциялары ұйымдастырылды.
Шымкент қаласында 100-ден астам түрлі этнос өкілдері өмір сүреді. Қазақстан халқы Ассамблеясының қарамағында 16 этномәдени бірлестігі жұмыс істейді. Орта арнаулы оқу орындарында 29 «Достық» клубы ашылды.