Шымкентте 30 мың гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егілді

0
486

90,1 мың тонна өнім жинау жоспарлануда.


Шымкентте 30 мың гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егілді

Шымкент қаласында 30 мың гектарға ауылшаруашылығы дақылдары егілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Диқандарымыз биылғы жылы 30,0 мың га. жерге егілген ауыл шаруашылығы дақылдарынан 90,1 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.
Бұл туралы Шымкент қаласының ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Джанбатыров брифинг барысында мәлімдеді.
Егістік алқабы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,7 мың гектарға артқан. Жалпы дәнді-дақылдар -13,0 мың га., жүгері - 0,1 мың га., майлы дақылдар - 3,6 мың га., мал азықтық дақылдар - 9,6 мың га., картоп - 0,4 мың га., көкөніс және бақша дақылдары - 3,4 мың га. жерге егілді.
Қазіргі таңда көкөніс алқаптарынан 17,9 мың т. өнім алынса, 10,1 мың тонна мал азықтық шөп жиналған.
Сондай-ақ, шаруалардың өтінімдеріне сәйкес, көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін жанармай жеңілдетілген бағамен литріне 189 теңгеден босатылуда. Бүгінгі күнге дизель отынының нарықтағы бағасы 220-230 теңгені құрап отыр.
2022 жылы ауылшаруашылығы саласында өнімділікті арттыру мақсатында:
- минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына - 122 146,0 мың теңге. Бүгінгі күнге 32,1 мың тонна тыңайтқыш субсидияланды.
- тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 20 480,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда бірінші ұрпақ будандарының 141,0 мың дана тұқымдары субсидияланды.
- пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға 600,0 мың теңге бөлінген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12%-артық (2021ж.-128,0 млн.тг.).