Шымкентте 35 субұрқақ іске қосылды

0
514

Қаланың ішінде 8 субұрқақтың насосы жаңартылуда.


Шымкентте 35 субұрқақ іске қосылды

Шымкент қаласында жазғы маусым басталғалы 35 субұрқақ іске қосылып, мегаполис тұрғындары мен қонақтарына кестеге сәйкес қызмет атқарып тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Субұрқақтар қаланың сәнін келтіріп көркін ашады, әрі ауа-райының аптап ыстығында көшедегі жүргіншілердің сергіп салқындауына сеп болады.
Қаланың ішінде 8 субұрқақтың насосы жаңартылуда. Олар Әл-Фараби ауданындағы, Арбат гүлзарындағы, Имран сауда орталығы алдындағы субұрқақ, Жеңіс саябағы, Байтұрсынов-Жандосов көшерлеріндегі субұрқақ, Спорт гүлзары, Құрметті азаматтар аллеясындағы, әуежайдағы субұрқақтары. Сондай-ақ, Орталық саябақтағы және Қошқар ата өзеніндегі, яғни Ордабасы алаңындағы субұрқақтардың құбыры ретке келтірілді.
Ал Асар шағын ауданындағы әуенді субұрқақтары, Нұрсәт аллеясында орналасқан субұрқақтар жақында іске қосылуға дайын. Сонымен қатар, Чернобыль субұрқағы – күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Іске қосылған барлық субұрқақтарға автоматикалық жүйе орнатылуда.

Айта кетейік, Биыл Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында 13 ауыз су бұрқағы орнатылады.

Олар Мәделі қожа - Рысқұлбеков көшелерінің қиылысы, Байтұрсынов – Бекбосынов, Момышұлы – Желтоқсан, Дулати – Рысқұлов, Темірлан тас жолы – Мангельдин, Темірлан тас жолы – Желтоқсан, Республика даңғылы – Асқаров көшесі және Темірлан тас жолы – Қожанов көшелерінде орналасады. Ауыз су бұрқағы қаланың келбетіне эстетикалық көрік қосып, жаяу жүргіншілердің шөлін басады. Себебі, су арнайы сүзгі арқылы өткізіледі. Аталған жұмыстар биылғы жылдың маусым айында басталып, шілде айында аяқталатын болады. Сондай-ақ, субұрқақтар шомылу маусымының соңына дейін жұмыс істейді. Барлық ауыз су бұрқақтары орталықтандырылған су құбырына тікелей қосылады. Ал, 2021 жылы Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында демеушілер есебінен адам көп шоғырланған 6 орынға ауызсу бұрқақтары орнатылған болатын.