Шымкентте 4 мыңға жуық отбасы көмірмен қамтамасыз етілді

0
704

10 ай ішінде 128,6 млн теңге қарыз өндірілген.


Шымкентте 4 мыңға жуық отбасы көмірмен қамтамасыз етілді

Шымкент қаласының аудан аумақтарында қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданында 453 көпқабатты тұрғын үйдің 415-і орталық жылу жүйесіне қосылған болса, олардың барлығы қысқы жылу маусымына дайын. Ал 38 көпқабатты үй жеке қазандыққа көшкен.

Аудан әкімі Б. Пармановтың айтуынша, қысқы жылу маусымында қатты отынды (көмір) пайдаланатын 3 987 жеке тұрғын үйге 19 935 тонна көмірдің қажеттілігі бар. Көрсетілген 3 987 отбасыға 19 935 тонна көмір тасымалданып, толығымен қамтамасыз етілді.

Аудандағы дебиторлық қарыз көлемі 192,2 млн теңгені құрап отыр. 10 ай ішінде 128,6 млн теңге қарыз өндірілген. Дебиторлық қарыздарды өндіру бойынша тұрғындарға «Қуатжылу» мекемесімен бірлесе түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қарызы бар азаматтарға тұрғын жайы және қызмет орны бойынша ескерту парақтарын тарату істері қолға алынды.

Cонымен қоса, осы ауданда 453 көпқабатты тұрғын үйдің ауласы мен 727 көшеге санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Тұрмыстық қалдықтар тасталатын 112 алаңшаға 485 контейнер қойылған болатын. Қосымша тағы жаңадан 150 данасы орнатылды