Шымкентте 4 мыңнан аса азамат жұмыспен қамтылды

0
644

Қазірде 8 236 азамат жұмысқа орналысты.


Шымкентте 4 мыңнан аса азамат жұмыспен қамтылды

Шымкент қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 237 жоба жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осы бойынша 8 682 адамды жұмыспен қамту көзделді. Қазірде 8 236 азамат жұмысқа орналысты. Оның ішінде қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 341 адамды жұмысқа тарту жоспарланған еді.

Бүгінгі таңда қалада жоспарға сәйкес «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 122 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Жалпы бағдарламаның мақсаты - тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу.