Шымкентте 400-ден астам жас тегін үйірмелерге қатысып жатыр

0
503

Осы мақсатта Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен түрлі іс-шаралар өткізілуде.


Шымкентте 400-ден астам жас тегін үйірмелерге қатысып жатыр

Шымкент жастары тегін үйірмелерге қатысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен түрлі форматта іс-шаралар өткізілуде.
Орталықтың аудандық бөлімдерінде ашылған үйірмелерге жыл басынан бері 400 –ден астам жас қатысуда.
Шымкент жастары ағылшын тілі, IT-бағдарламау, дебат, вокал, үстел теннисі, домбыра және гитара, «Just dance», «Өмірлік дағылар» жастар психологиясы, «Модельдік сән», «Актерлік шеберлік», «Бес асық» үйірме түрлеріне ақысыз қатыса алады.