Шымкентте 400-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

0
621

Жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға 3 520 адам жеткізілді.


Шымкентте 400-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Мемлекет басшысының дер кезінде қабылдаған шешімдері арқасында өңірлердегі ахуал тұрақталып келеді. Оның ішінде бүгінде Шымкентте жағдай тұрақты және қауіпсіздік толығымен бақылауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Барлық кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде.

Дегенмен, республикада контртеррор іс-шарасы әлі де жалғасуда. 19 қаңтарға дейін республика көлемінде төтенше жағдай режимі енгізілді. Түнгі 23.00-ден таңғы 7.00-ге дейін коменданттық сағат орнауда.
Шымкентте жаппай тәртіпсіздік сәтінен бастап полицияға 3 520 адам жеткізілді. Бүгінге дейін 366 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 271-і қамауға алынып, 40-на айыппұл салынды және 55 азаматқа ескерту берілді.
Қала шекараларында орнатылған блокбекеттерде 14 мыңнан астам автокөлік тексеріліп, 9 адам ұсталды. Көліктерді қарау кезінде 2 газ тапаншасы тәркіленді.
Барлық қозғалған қылмыстық істер бойынша 73 азамат қамауға алынды.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде полиция қызметкерлері арасынан 48 қызметкер әртүрлі жарақат алды, қаза болғаны жоқ. Зақымданған 91 полиция автокөлігінің ішінде 8-і өртенді.