​ШЫМКЕНТТЕ 5 ЖЫЛДА ҚАНДАЙ ЖАҢА БАСТАМА МЕН ІРІ ЖОБАЛАР АТҚАРЫЛДЫ?

0
366

Үшінші мегаполистің бес жылдық дамуына қысқаша шолу


​ШЫМКЕНТТЕ 5 ЖЫЛДА ҚАНДАЙ ЖАҢА БАСТАМА МЕН ІРІ ЖОБАЛАР АТҚАРЫЛДЫ?

Қаладағы нақты ауыз су қуаттылығының қажеттілігі тәулігіне 323 мың куб болса, қолданыстағы қуаттылығы 273 мың куб құраған. Мәселені шешу мақсатында қуаттылығы 91 мың кубты құрайтын Көмешбұлақ магистралды суаққысы салынып, ауыз сумен қамту қуаттылығы 2030 жылға дейін шешілді.

Электр қуаттылығына деген нақты қажеттілік тәулігіне 455 мВт болса, қолданыстағы қуаттылық 330 мВт құраған. Қажеттілікті шешу мақсатында, 220 мВт құрайтын Бозарық қосалқы станциясы салынып, электр қуаттылығы мәселесі 2025 жылға дейін шешілді.
Табиғи газ қуаттылығына нақты қажеттілік тәулігіне 270 мың метр куб болса, қолданыстағы қуаттылық 180 мың метр кубты құраған. Осы бағытта 250 мың метр кубты құрайтын жаңа АГРС құрылысын іске асыру арқылы, 2030 жылға дейінгі табиғи газ қуаттылығы мәселесі шешілді.
Бүгінде қала бойынша қолданыстағы 150 мың метр кубты құрайтын кәріз тазарту станциясы толық қуаттылықта жұмыс жасауда. Мәселені шешу мақсатында, кәріз тазарту станциясы қуаттылығын 200 мың кубқа кеңейту жұмыстарын жыл соңына аяқтау жоспарлануда.
Сонымен қатар, жеке инвестор есебінен жаңа әуежай терминалы мен темір жол вокзалы құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде әуежайдың жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 200 адамнан 2 000 адамға, темір жол вокзалы тәулігіне 2 000 адамнан 6 000 адамға дейін артады.Мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жергілікті «Іскер қала» бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында 216 жобаға қолдау көрсетіліп, 568 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Республикада алғашқылардың бірі болып, қаладағы барлық бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылды. 500 орындық жаңа заманауи Оқушылар сарайы құрылысы пайдалануға берілді.
Дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі