Шымкентте 500-ге жуық ойын және спорт алаңшасы орнатылды

0
683

Ондағы спорттық 14 алаңшаның құрылысы демеушілер есебінен жүргізілген.


Шымкентте 500-ге жуық ойын және спорт алаңшасы орнатылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

2020-2021 жылдары Шымкентте балаларға арналған 487 ойын және спорт алаңшасы орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның 350-і ойын алаңшасы болса, 137-сі спорт алаңшасы. Ерекше атап өтететін жәйт, ондағы спорттық 14 алаңшаның құрылысы демеушілер есебінен жүргізілген.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде кез-келген қала тұрғыны қала аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады. Мәселен, 2021 жылы аулаларды абаттандыру және балаларға арналған заманауи ойын алаңшаларын құру мақсатында қала бюджетінен 2,5 млрд. теңге қаралған. Шымкенттегі көпқабатты 184 үйдің ауласы абаттандырылып, ондағы 101 үйдің ауланың құрылысы «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында тұрғындардың ұсынысына сәйкес жүргізілген.

Шымкентте бұқаралық спортты дамыту және жастарды спортқа баулу мақсатында 2021 жылы бюджет есебінен 2 млрд. теңге қаралған. Оған 101 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілсе, 14 алаңша демеушілер есебінен бой көтерген. Бір жыл ішінде қалада 115 спорт алаңшасы тұрғындардың игілігіне беріліп отыр.