Шымкентте 500-ге жуық орталық көше жарықтандырылған

0
620

Биыл 104 көше жарықтандырылады.


Шымкентте 500-ге жуық орталық көше жарықтандырылған

Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 472 көше жарықтандырылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылы ГЧП аясында 137 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 29,5%-дан 48 пайызға өсті. Өткен жылы 115 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 48 пайыздан 63 пайызға жетті.

Ал, 2023 жылы 104 көше жарықтандырылады. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Атап айтқанда, 48 көшеде топосъемка жасалып, 38 көшенің жобасы әзірленді. Келісім шарт талаптарына сәйкес, аталған жобаларға маусым айында сараптаманың оң қорытындысын алу көзделіп отыр. Нәтижесінде көшелерді жарықпен қамту көрсеткіші 63%-дан, 70%-ға өседі.

Сондай-ақ, биыл Тұран ауданы аумағындағы 22 көше жарықтандырылады. Бірінші кезекте шағынаудандардағы әлеуметтік нысандар орналасқан және қоғамдық көліктер қатынайтын орталық көшелер жарықтандырылатын болады. Олардың қатарында Әбдраимов (Жанаталап шағын ауданы), Ақтас тұрғын алабының орталық көшесі, Народовольцев (112-шағын ауданы), Отырар шағын ауданы Ішкі орам көшесі, Ескендіров (кіші Самал шағын ауданы), Әбсеитов (кіші Самал шағын ауданы), Чехов 8. Аққыстау (Қазығұрт шағын ауданы), Балапан Ата (4 шағын аудан), Спорт шағын ауданы (Ішкі орам көшесі), Әбдраимұлы (Самал-1 шағын ауданы), Қойбағаров көшелері, Металист – орталық көше, Бөгенбай батыр көшесі – Қазығұрт шағын ауданы, Мүсірепов көшесі – Қазығұрт шағын ауданы, Бақытты көшесі – Қазығұрт шағын ауданы, Қызылқұм көшесі – Қазығұрт шағын ауданы, Ақтас елді мекеніндегі атауы жоқ көше, Айдарқұлов – Жаңаталап елдімекені, Таңатар - Құрсай елдімекені, Аққыстау – Құрсай елдімекені, Қармақшы – Құрсай елдімекендері бар.

Айта кетейік, Шымкент қаласында көшелерді жарықтандыру жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында бірінші кезекте орталық көшелер жарықтандырылған. Ал, шағын аудандар мен тұрғын алаптарда мектеп, балабақша, емхана, аурухана немесе өзге де әлеуметтік нысандар орналасқан және тұрғындар көп жүретін көшелерге басымдық берілуде.