Шымкентте №56 маршрут қозғалысының схемасы өзгертілді

0
611

Аталмыш маршрут алдын тек Қазғұрт шағын ауданын қамтыса, қазіргі уақытта Құрсай тұрғындарында қамтитын болады.


Шымкентте №56 маршрут қозғалысының схемасы өзгертілді

Шымкент қаласында кешенді схемаға сәйкестендіре отырып, қала халқының сұранысы бойынша №56 маршрут схемасы өзгертілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді.
Аталмыш маршрут алдын тек Қазғұрт шағын ауданын қамтыса, қазіргі уақытта Құрсай тұрғындарында қамтитын болады. Маршруттағы автобус саны жұмыс күндері -10, ал демалыс күндері -8. Аралық интервал 15/20 минутты құрайды.
Маршрут өз кезігінде Қазғұрт, Құрсай, Нұртас, Нұрсат шағын аудандардан мектеп оқушылары мен студенттерді оқу орталықтарына, ал тұрғындарды базар маңдарына жеткізеді.