Шымкентте 650 миллион теңгеге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды

0
568

Жалған шот-фактураларды пайдаланған.


Шымкентте 650 миллион теңгеге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер сотталды

Шымкент кәсіпорындарының бірінің директоры 657 миллион теңгеден аса сома көлемінде салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті азамат А.Сазоновтың бюджетке салық төлемеу дерегін анықтады.

Агенттіктің мәліметінше, А.Сазонов «Nuclear Engineering» ЖШС басшысы бола тұра, 2017-2019 жылдар аралығында салық декларацияларына кірістер мен шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізген.

Сонымен бірге, ол салық салудың басқа объектілерін жасырып, қайта тіркеуі сот жарамсыз деп таныған 11 компаниямен өзара есеп айырысу туралы жалған шот-фактураларды пайдаланды.

Нәтижесінде мемлекетке 657 миллион теңгеден астам мөлшерде төленбеген салықтар түрінде залал келтірілді.

А.Сазонов сотталды, сондай-ақ, одан залал сомасы өндірілді.