Шымкентте 7 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

0
2 339

Қайыршылық жасап жүрген 482 адам анықталған.


Шымкентте 7 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте "Таза қала" сауықтыру іс-шараcы барысында 7 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жедел профилактика басталған 19 тәулік ішінде 6934 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде ең көп қылмыс қоғамдық орындарда қоқыс тастау бойынша тіркелген.
Сондай-ақ қайыршылық жасап жүрген 482 адам анықталып, Әкімшілік кодекстің 449-бабымен хаттама толтырылды.
Қабылдап-тарату орынына 31 тұлға орналастырылса, жалға берілетін 1601 пәтер тексерілген. Ал карантин режимін бұзған 412 нысан анықталды.
Ішкі істер органдарында есебінде тұрған 3212 адам мекенжайы бойынша тексерілді. Полиция басқармаларына 3730 адам жеткізіліп, қол-саусақ іздері алынған.