Шымкентте 7000 жасөспірімге «Рамазан тәттісі» таратылды

0
666

Бұл игі шара қасиетті Рамазан айының соңына дейін жалғасады.


Шымкентте 7000 жасөспірімге «Рамазан тәттісі» таратылды

Шымкент қаласында 7000 жасөспірімге «Рамазан тәттісі» таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚМДБ-ның бастамасына орай, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі қасиетті Рамазан айында кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау мақсатында «Рамазан тәтті» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров қатысып, шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының кішкентай бүлдіршіндерге жолдаған сәлемін жеткізіп, үлестірді. Бұл игі шара қасиетті Рамазан айының соңына дейін жалғасады.
Айта кетсек, еліміз бойынша тұңғыш рет қолға алынып отырған игі шара барысында мектеп жасындағы жеті мың жасөспірімдерге түрлі тәттілер салынған «Рамазан тәтті» қорабы таратылды. Қала бойынша «А.Қаттани», «Сабыржан ата», «Байғұт баба», «Әл-Біләл», «Нұр-Төбе», «Сайрам» т.б. мешітерде өткізіліп келеді.