Шымкентте 7892 құқық бұзушылық анықталды

0
2 501

Қайыршылық жасап жүрген 506 тұлға анықталды.


Шымкентте 7892 құқық бұзушылық анықталды

Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес осы жылдың 13 қаңтары мен 13 ақпан аралығында «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараның мақсаты қала аумағында жасыл екпелерді жою және бүлдіру, күл қоқыс тастау жайттарын анықтау, қоғамдық орындар мен көшелерде тәртіпті сақтау болып табылады.

Сондай-ақ, аталған іс-шараның барысында қайыршылар мен қаңғыбастықпен айналысатын адамдарды қабылдап-тарату орнына орналастыру. I лар бойынша әкімшілік шаралар қолдану, есепте тұрған тұлғаларды мекенжайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілуде.


Іс-шараның басынан бастап осы күнге дейін барлығы 7892 құқық бұзушылық анықталды.
Қайыршылық жасап жүрген 506 тұлға анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен хаттама толтырылды.
Қабылдап-тарату орынына 48 тұлға орналастырылды. Жалға берілетін 2980 пәтер тексерілді. Карантин режимін бұзған 722 нысан анықталды. ІІО-ы есебінде тұрған 5516 тұлға мекенжайы бойынша тексерілді.
Полиция басқармаларына 4611тұлға жеткізіліп, қол-саусақ іздері алынды.