Шымкентте адам ағзаларын көшеде өртеген (видео)

0
1 214

Мұндай ереже бұзушылық осы уақытқа дейін де орын алған.


Шымкентте адам ағзаларын көшеде өртеген (видео)

Шымкенттегі «Эколайф Астана» медициналық қалдықтарды жою компаниясы адам денсаулығына зиянды медицина қалдықтарын көшеде және жекеменшік аумақтарда өртеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Шымкент қаласындағы «Эколайф Астана» медициналық қалдықтарды жою компаниясының қызметкерлері ережені өрескел бұзған, яғни қолданылған шприцтер мен ампулаларды арнайы пеште емес көшеде, жекеменшік аумақтарда өртеп немесе қоқысқа тастап отырған. Тіпті, ол қалдықтардың арасында ота кезінде алынып тасталған адамның ішкі ағзалары да бар екен.

Бұл туралы Шымкент қалалық Экология Департаментінің басшысы Серіс Сарбасов мәлімдеме жасады.

«Бүгінгі таңда тексеру жалғасып жатыр. Барлық анықталған фактілер бойынша «Эколайф Астана» ұйымы «Өкілеттілігін асыра пайдалану» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 60 АЕК айыппұл салынды», - деді департамен басшысы өз сөзінде.

Айта кетейік, аталған ұйымның бұған дейін де қалдықтарды жою ережесін бұзғаны анықталған. Сондықтан, экологтар кәсіпорын қызметіне тыйым салғызуды көздеп отыр.