Шымкентте адам бопсалағандар құрықталды

0
1 134

Шымкент қалалық ІІД не 1981 жылы туған азамат арызданып, екі белгісіз тұлғаның өзіне хабарласып, ақша талап етіп, қорқан лоққы жасағаны туралы шағымданған.


Шымкентте адам бопсалағандар құрықталды

Шымкентте адамға қорқытып алушылықпен күш көрсетіп, ақша талап еткендер ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қалалық ІІД не 1981 жылы туған азамат арызданып, екі белгісіз тұлғаның өзіне хабарласып, ақша талап етіп, қорқан лоққы жасағаны туралы шағымданған.
Жəбірленушіге қоқан лоққы көрсетіп, ақша талап етіп жүргендердің бірі бұрын сотты болған əккі қылмыскер екені анықталған. 1988 жылы туған күдікті Шымкент қаласының пробациялық қызметте есепте тұрған. Өзінің сыбайласымен жəбірленушіге тыныш өмір сүргің келсе ақша əкеп бер деп талап етіп, қорқытқан. Сарыағаш ауданының тумасы, 1995 жылы туған сыбайласы да тəртіп сақшыларымен құрықталды. Күдіктілерді Шымкент қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен қолға түскен.
"Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен екі күдікті де қамауға алынды. Екі күдікті де тергеу кезінде екі ай бойы күзетпен ұстау бұлтартпау шарасымен қамауда болады"- деп хабарлайды Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Қамшыбек Анарбаев.