Шымкентте адам толы аттракцион биіктікте бұзылып қалды

0
1 332

Видеодан аттракционның биіктікте тоқтап тұрғанын көруге болады.


Шымкентте адам толы аттракцион биіктікте бұзылып қалды

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі ойын-сауық саябақтарының бірінде аттракцион бұзылып, адамдарымен бірге биіктікте тұрып қалған видеосы тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Видеодан аттракционның биіктікте тоқтап тұрғанын көруге болады.

Оқиға осы демалыс күндері қаладағы “Қиял Әлемі” саябағында болған. Куәгерлердің айтуынша, аттракцион биіктікте 20 минутқа тоқтап тұрған.

Аталған оқиғаға байланысты “Қиял Әлемі” саябағының әкімшілігі пікір білдірген.

Таралған видеодағы қонағымыздың 20 минуттан астам уақыт төбеде тұрмыз дегені жалған ақпарат. Бұл пайдаланушы Бәйтерек аттракционының жалпы іске қосылу процесін қоса айтып отыр. Көпшілігіңіз білетіндей, Бәйтерек аттракционына қонақтарымызды отырғызып-түсіру, жоғары көтеріліп, қайта жерге түсуге 10 минуттан астам уақыт кетеді. Қонағымыздың 20 минуттан астам уақыт төбеде тұрмыз, - дегені аттракционның жалпы жұмыс жасау процесінің қосындысы. Дегенмен жоғарыда 5-6 минуттай уақыт тұрып қалғанын біз жасырмаймыз. Бұл —автоматты өшіру тетігінің іске қосылуынан орын алған жағдай. Парктің техникалық қызметкерлері дер кезінде болған оқиғаны реттеп, қалпына келтірді. Саябақтың техникалық қызметкерлері әрбір аттракционның техникалық жағдайын жүйелі түрде, жауапкершілікпен тексерістен өткізіп отырады”, - делінген жазбада.