Шымкентте айына 5 миллион дана медициналық бетперде шығарылады

0
264

Компания 68 адамды жұмыспен қамтып отыр.


Шымкентте айына 5 миллион дана медициналық бетперде шығарылады

Шымкент қаласында тәулігіне 150 мың дана медициналық бетперде, 200 мыңға жуық қолғап дайындалады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Bіzhon" ЖШС-ы айына 5 миллионға жуық медициналық бетперде тігетін еліміздегі бірден бір кәсіпорын. Бетперделер үш қабатты бір рет қолданылады.
Ал "Қазмедпром" медициналық компаниясы Қазақстандағы медициналық қолғаптың барлық түрін шығаратын алғашқы мекеме. Өндіріс орны 2016 жылы құрылған. Аумағы 1,2 гектар құрайтын кәсіпорын "Оңтүстік" индустриалды аймағында орналасқан. Бүгінде күніне 170-200 мың дана қолғап шығарады. Олардың қатарында стерильді, стирильді емес, диагностикалық, табиғи және синтетикалық секілді медициналық қолғаптар дайындалады.
Компания 68 адамды жұмыспен қамтып отыр. Алдағы уақытта өндірісте және үй шаруашылығында қолданатын қолғаптар дайындау жоспарлануда.
Аталған медициналық өнімдер тек Шымкент қаласының ғана емес еліміздің нарығына шығарылып жатыр.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет