Шымкентте әкесі кәмелет жасына толмаған қызына сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған

0
603

Ол сот үкімімен 10 тәулікке қамалған.


Шымкентте әкесі кәмелет жасына толмаған қызына сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте әкесі кәмелет жасына толмаған қызына сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 9-сәуірінде Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын күйеуіне қатысты арызданған. Айтуынша, жұбайы бірнеше рет кәмелет жасына толмаған қызына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасаған.

Арыз ҚР ҚК-нің 121-бабы бойынша тіркеуге алынған. Ол сот үкімімен 10 тәулікке қамалған. Алайда, уақыт мерзімі өткен соң, дәлелдердің жетіспеушілігіне байланысты азамат босатылды.
“Қазіргі таңда тергеушілер дәлелдерді жинау жұмыстарымен айналысып, барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды”, - делінген баспасөз хабарламасында.
Өз кезегінде, ЖПҚБ қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 54-бабына сәйкес күдіктіге қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды.