Шымкентте әкесі өз қызын зорламақ болған

0
554

Тергеу барысында қылмыстың барлық мән-жайлары анықталатын болады.


Шымкентте әкесі өз қызын зорламақ болған

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкент қаласында әкесі өз қызын зорламақ болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ағымдағы жылдың 22 наурызында полицияға жергілікті тұрғын әкесінің өз қызына қатысты азғындық әрекеттер жасағаны туралы арызданған.

“Қазіргі уақытта Еңбекші АПБ тергеушілерімен ҚР ҚК-нің 124-бабы "жас баланы азғындық жолға түсіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті қамауға алынған. Тергеу барысында қылмыстың барлық мән-жайлары анықталатын болады.