Шымкентте ерекше автотұрақтар пайда болады

0
1 474

Үшінші мегаполисте паркингтерді дамыту мәселесі бақылауға алынды.


Шымкентте ерекше автотұрақтар пайда болады

Шымкент қаласында автотұрақтарды дамыту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жақын арада Шымкентте ақылды автотұрақтар пайда болады. Зияткерлік жүйелер әзірше 20 учаскеде орнатылады деп жоспарлануда. Бұл кептеліс жасап тұрған заңсыз тұрақтар, көлік қозғалысын қиындататын базарлардың немесе басқа да объектілердің жанындағы нүктелер.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мамандарының айтуынша, автотұрақтарда әрбір көлікті қадағалап, келген көліктің нөмірін сол мезет суретке түсіріп, жүйеге жолдайтын арнайы инспекторлар жұмыс істейтін болады. Автокөлік иесі төлемді бірнеше тәсілмен - төлем терминалы, мобильді қосымша, смс арқылы, жүйе сайты арқылы жүргізе алады.

Бұл туралы: «Басқа қалалардағы осыған ұқсас автотұрақтарға қарағанда, Шымкентте паркоматтар орнату қарастырылмайды. Оның орнына арнайы зияткерлік жүйе болады, ол көлік тұрағы жұмысының ашықтығын, полиция департаменті, коммуналдық қызметтер, төлем жүйелері, жүргізушілерді ақпараттандырудың кіші жүйесі, эвакуация қызметі арасындағы өзара іс - қимылды қамтамасыз етеді», - деп хабарлады «Shymkent» ӘКК.

Құны 109 млн. теңге болатын жоба мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асырылатын болады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қорына түскен қаржы толығымен әлеуметтік кәсіпкерлікке жұмсалады. Яғни, аулалардағы тұрақ мәселесін шешуге жұмсауды жоспарлап отыр.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің ресми парақшасы