Шымкентте ақылды қоғамдық жұмыстың еңбекақысы 40%-ға өсті

0
2 495

Жылдың соңына дейін ақылы қоғамдық жұмыспен 3058 адамды қамту жоспарланып отыр.


Шымкентте ақылды қоғамдық жұмыстың еңбекақысы 40%-ға өсті

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қоғамдық жұмыстарға тартылған азаматтар қатары артты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен жылы жұмыспен қамтудың осы бағыты бойынша 5000-нан аса адамға жолдама берілсе, қазіргі таңда 2000-ға жуық азамат жұмылдырылған.


Қалалық жұмыспен қамту орталығының мәліметінше жыл басынан бері қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтардың еңбекақысы 40%-ға өсті.
Қоғамдық ақылы жұмысқа азаматтардан белгілі бір бағыт бойынша білімі болуы міндеттелмейді. 18 жастан зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыс істеуге ықыласы бар азаматтардың бойындағы құлшынысы құпталады.

Шаһарда қаңтар айында 1873 адам түрлі мемлекеттік және жекеменшік мекемелер мен кәсіпорындарға жолдама алған. Жылдың соңына дейін ақылы қоғамдық жұмыспен 3058 адамды қамту жоспарланып отыр.

Айта кетсек, қоғамдық жұмыс уақытша болғандықтан, келісім-шарт бір жыл мерзімге түзіледі.

Ақылы қоғамдық жұмыс бойынша қосымша мәліметтерді +77027437177 байланыс нөмірі арқылы біле аласыздар.