Шымкентте әлеуметтік қызметкерлер біліктіліктерін арттырып жатыр

0
467

146 әлеуметтік сала қызметкері кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында семинар-тренингке қатысып жатыр.


Шымкентте әлеуметтік қызметкерлер біліктіліктерін арттырып жатыр

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты он мекеменің 146 әлеуметтік сала қызметкері кәсіби біліктіліктерін арттыру мақсатында семинар-тренингке қатысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған семинардың басты мақсаты халықпен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейтін сала мамандарының кәсіби шеберлігін шыңдау. Себебі халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс жасау барысында түрлі жағдайларда азаматтармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу маңызды рөл атқарады.
Семинар-тренинг карантиндік талаптарды сақтау мақсатында ZOOM желісі арқылы онлайн өтіп жатыр. Мамандардың жұмыс сапасы мен біліктілік деңгейі алдағы уақытта да бақылауға алынып, мұндай іс-шаралар жалғасын табатын болады.