Шымкентте Алғыс айту күніне орай "Сыбаға" үлестірілді

0
2 037

Қазақтың ұлттық дәстүрін жаңғырту арқылы қадірлі қарияларға, абзал аналарымызға және жас отау иелеріне дәстүрге сай құрмет көрсетілді.


Шымкентте Алғыс айту күніне орай

1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында Шымкентте басталған апталықтың бірінші күні - «Қайырымдылық күні» ретінде аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Қазақстан халқы Асссамблеясының (ҚХА) Қайырымдылық керуені шеңберінде «Сыбаға» іс-шарасы ұйымдастырылып, қазақтың ұлттық дәстүрін жаңғырту арқылы қадірлі қарияларға, абзал аналарымызға және жас отау иелеріне дәстүрге сай құрмет көрсетілді.
Іс-шара аясында Шымкент қалалық ҚХА мен түрік этномәдени бірлестігі ірі қараны құрбандыққа шалып, ет пен ұлттық дүниетанымымызға сәйкес жеті түрлі азық-түлік салынған себеттер 40 отбасыға сыбаға ретінде үлестірді.
Игі шара белгілі айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың қазақ халқының ежелден келе жатқан сыбағаның қадір-қасиетіне арналған арнауымен бастау алады. Жиында сөз алған қоғам қайраткері, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев, қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латифша Асанов игі дәстүрдің мән-маңызына кеңінен тоқталды.
Халқымыздың дәстүрі негізінде елдің берекелі бірлігін сақтап, ынтымағын арттыруды көздейтін мұндай шаралар қаланың барлық аудандары мен тұрғын алаптарда ұйымдастырылды.