Шымкентте Алматы мен Нұр-сұлтан қалаларына ұшатын әуе рейстері тоқтатылған

0
1 563

Шымкент қаласындағы медицина мамандары әуежайда халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.


Шымкентте Алматы мен Нұр-сұлтан қалаларына ұшатын әуе рейстері тоқтатылған

Шымкент әуежайынан Алматы мен Нұр-сұлтан қалаларына ұшатын барлық әуе рейстер тоқтатылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Нұр-сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылғандықтан аталған қалааралық рейстер тоқтатылып, халықаралық рейстерге де шектеу қойылды. Бұл туралы "Шымкент әуежайы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Мемлекеттік органдардың әрбірінің өз құзіреттеріне сәйкес қызметтерін жүргізіп жатыр. қалалық №9 поликлиника ұжымы да тиісті іс-шаралар жасауда. Олар халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ал тексеру жұмыстарына жауап беретін мемлекеттік органдар бар. Арнайы аппараттармен жолаушылар тексеріліп жатыр. Қуанышқа орай, қазір қалада бұл індетпен ауыратындар тіркелген жоқ. Дегенмен, сақтық шараларын жасап жатырмыз. Шымкент әуежайы арқылы ішкі рейстермен ұшуға шектеу қойылмаған. Яғни, Ақтау, Атырау және Петропавл бағыттарына ұшу жалғасуда. Ал, Алматы мен Нұр-сұлтан қалаларына ұшатын рейстер тоқтатылды. Халықаралық бағыттарға тоқталсақ, ертең Новосибирск қаласына ұшатын рейс бар. Бұл халықаралық соңғы рейс." , - деді "Шымкент әуежай" АҚ баспасөз қызметі.


Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы медицина мамандары халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

«Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты қалдағы медицина қызметкерлері қызу жұмыс жасап жатыр. Біздің емхана ұжымы бүгінгі күннен бастап әуежайда таңертең бері, халыққа коронавирустың алдын-алу жұмыстарын түсіндіріп, сақтық шараларымен таныстырып жатыр. Әуежайға келіп қонған адамдарға брошюралар, арнайы түсіндірме парақшаларын тараттық. Және олардың қай қаладан келгендігі мен қайда баратындығы жөнінде мәлімет алып, тіркеуге алдық.", - дейді қалалық №9 емханасының бас дәрігері Гүлнара Төлепбергенова.