Шымкентте ​АМАЛ МЕРЕКЕСІ аясында ұлттық ойындар ұлықталды

0
354

Арқан тартыстан Шымкент қалалық Опера және балет театрының командасы жеңімпаз атанды.


Шымкентте ​АМАЛ МЕРЕКЕСІ аясында ұлттық ойындар ұлықталды

ERNUR.KZ. Бүгінгі «Көрісу – жаңа өмір, жаңа күн» салтанатты іс-шара шеңберінде Шымкентте ұлттық спорттық ойындар өтті.

Атап айтсақ, Шымкент қалалық Орыс драма театры алдында арқан тарту, кір тасын көтеру, қошқарды иыққа қайып көтеру сынды түрлі қызықты сайыс болды.
Қошқар көтеруге 7 палуан қатысты. Үміткерлер арасынан «Шымкент Цирк» мекемесінің қызметкері Әбу Әбдіразақ 80 келі қошқарды 37 рет көтеріп, жеңіске жетті.
Арқан тартыстан Шымкент қалалық Опера және балет театрының командасы жеңімпаз атанды. Ал кір тасын көтеру барысында 8 үміткер бақ сынап, Шымкент қалалық Мемлекеттік архивінің қызметкері қарсылас шақ келтірмеді.
Айта кетейік, қала тұрғындары мерекелік іс-шараны ерекше ықыласпен тамашалады.