Шымкентте «Аманат» азаматтық платформасының эксперттік талқылауы өтті

0
1 122

Шымкентте «Сайлау-2019: жоспарланған саяси науқанның ерекшеліктері» тақырыбында «Аманат» азаматтық платформасының эксперттік талқылауы өтті.


Шымкентте «Аманат» азаматтық платформасының эксперттік талқылауы өтті

Шымкентте «Сайлау-2019: жоспарланған саяси науқанның ерекшеліктері» тақырыбында эксперттік талқылау жиыны өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиынға төрағалық еткен Қыдыр Уәли Сағындықұлы сайлау бүгінгі қоғамды ортақ арнаға тоғыстыратынын тілге тиек етті.

"Шымкент қаласы бойынша «Аманат» азаматтық платформасының эксперттік талқылауы еліміздегі елеулі саяси оқиға- ҚР Президентін кезектен тыс сайлау науқаны қарсаңында өткізіліп отыр. Бұл науқан еліміздің демократиялық құндылықтарға сай әрі қарай дамуының алғышарты бола отырып, қазіргі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси әлеуетін ортақ арнаға тоғыстырады", – деді Қыдыр Уәли.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұрғазы Бұхарбаев, Шымкент қалалық «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Жұмағали Білісбеков, Қазақстан Журналистер одағы Шымкент қалалық филиалының төрайымы Айгүл Қапбарова, журналист, блогер Сырым Итқұлов баяндама жасап, аталған тақырып аясында өзекті мәселерді талқылады. Талқылау барысында саясаттанушы Қыдыр Уәли Сағындықұлы әрбір қазақстандық елдегі жоспарланған саяси оқиғалардың мәнін түсіну керектігін атап өтті.

Кездесу барысында сарапшылар Қазақстандағы алдағы сайлауалды ұйымның негізгі аспектілерін талқылап, саяси процестің дамуына сараптамалық бағасын берді.