Шымкентте Америкадан аса сирек кездесетін есірткі заттарын тасымалдаушылар сотталды

0
1 076

Шымкенттің түнгі клубтарының бірінен кокоин сатқан бойжеткен ұсталған.


Шымкентте Америкадан аса сирек кездесетін есірткі заттарын тасымалдаушылар сотталды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте Америкадан аса сирек кездесетін есірткі заттарын тасымалдаушылар сотталды. Сотта басты куәгер ретінде өздерінің сыбайласы қатысқан. Сот үкімімен сыбайластың өзі де бес жыл бас бостандығынан айрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

2017 жылдың жаз мезгілінде ұлттық қауіпсіздік органдары арнайы іс-шара барысында Шымкент қаласындағы түнгі клубтардың бірінен кокоин сатқан бойжеткенді құрықтаған. Ұсталған қыздан Қазақстанда өте сирек кездесетін кокоин табылған. Құрықталған бойжеткеннің үстінен ҚР ҚК-нің 297 бабының 3-ші бөлігімен қылмыстық іс қозғалған.

Тергеп-тексеру барысында бойжеткен есірткі бизнесіне кездейсоқ келгенін мәлімдеген. Тіпті кокоинді кімнен алатындығын да жайып салған. Тергеу органдары құрықталған тұлғаның берген мәліметтерінің маңыздылығын ескере отырып оған бірге әрекет ету туралы ұсыныс жасаған.

Бойжеткеннің көмегінің нәтижесінде Мәскеуден кокаин тасымалдаушы сыбайластарымен қолға түскен. Ұсталғандар заң алдында жауапкершілікке тартылып, ұзақ мерзімге түрмеге қамалды. Тергеудегі көмегі ескерілген бойжеткенді сот есірткі саудасына қатысты кінәлі деп танып, ең жеңіл - бес жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.