Шымкентте ана мен бала өлімі 5 есеге көбейген

0
4 057

Қала меншігіндегі жалғыз перинаталды орталық ауыр жағдайдағы жүкті әйелдерді қабылауға қауқарсыз.


Шымкентте ана мен бала өлімі 5 есеге көбейген

Биыл Шымкентте ана мен бала өлімі 5 есеге көбейген. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Үшінші мегаполиске тиесілі жалғыз перинаталды орталық бар. Оның өзі денсаулығы тек орташа жағдайдағы аналарды қабылауға қауқарлы екен.

Биыл Шымкентте ана мен бала өлімі 5 есеге көбейген. Осылай деп дабыл қаққан қоғамдық кеңес мүшелері қаладағы перинаталды орталықтың проблемаға айналғанын айтады. Сөздерінше, қала меншігіндегі жалғыз перинаталды орталық ауыр жағдайдағы жүкті әйелдерді қабылауға қауқарсыз.

Осыған қарамастан жауаптылар жаңа орталық ашуға асығып отырған жоқ көрінеді. Сөздерінше, алдымен бюджеттен ақша сұрату керек. Есесіне есеп беруге келген қаланың бас экономисі 5 жыл ішінде Шымкенттің ауыз су, жарық және көгілдір отын мәселесі толық шешілетінін айтады. Ол үшін бюджеттен 250 млрд. теңге бөлінеді екен.

- Перинаталды орталықтың құрылысы сіздерге ұсынылған 5 жылдық бағдарламаны бекітсек, іс-шарасы бекітіледі. Ол бекітілмей тұрып, іс- шара бекітілмейді. Іс-шара бекітілгенде өлім жағдайы, ауру төмендеуі барлығы қамтылады, - Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мүлкеманов.

27 азаматтан тұратын қоғамдық кеңестен биыл 6 мүше кеткен. Олардың ішінде істі болып, кейін ақталып шыққан шымкенттік дәрігер Абылай Донбай да бар. Бас қосқан кеңес мүшелері енді ақ халаттыны қатарға қосу керек деп отыр.

- Абылай Донбайды ұсыныс жасап ақталуын сұрадық. Ақталып шықты. Қоғамдық кеңеске қайта шақырсақ. Ол кісінің ешқандай кінәсі жоқ. Ақталып шықты. Айлығын да алып жүрген жоқ. Бұл жерге де келуге ұялып жүрген болуы керек. Соны осы жерге шақырсақ, - деді кеңес мүшелері.

Айта кетейік, қоғамдық кеңес бұл жолғы отырысы жылдың соңғы жиыны. Жыл басынан бері Шымкентте 8 рет кеңес отырысы өткен. Енді кеңес мүшелері 2021 жылдың қаңтарында «Шымкент» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы басшысының есебін тыңдамақ.