Шымкентте ардагерлер мен этнос өкілдеріне құрмет көрсетілді

0
1 036

Ерлан Айтаханов жиынға қатысушыларды «Қайырымды қала» деген атқа лайық болуды және өскелең ұрпаққа насихаттауға шақырды.


Шымкентте ардагерлер мен этнос өкілдеріне құрмет көрсетілді

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов «Оңтүстік» қабылдау үйінде шымкенттік ардагерлер мен этномәдени бірлестік өкілдеріне арнайы дастархан жайып, басын қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шаһар басшысы келер жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы жылы аясында атқарылатын жұмыстар туралы айтып, осы бағыттағы ауқымды бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды.

««Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық және ортақ келешек», - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, бүгінгі таңда еліміз түрлі ұлт өкілдерімен бір шаңырақ астында ынтымағы ырысты, бірлігі бекем болып, бір үйдің баласындай жарасты ғұмыр кешіп, еліміздің толағай табыстарын арттыруға өз үлестерін қосуда. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік» деген болатын.
Тәуелсіздік – халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейін барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздігіміздің, бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында қол жеткіздік. Осы орайда Сіздердің сүбелі еңбектеріңіз орасан
», - деді Ерлан Қуанышұлы.

Сонымен қатар, шаһар басшысы жиынға қатысушыларды «Қайырымды қала» деген атқа лайық болуды және өскелең ұрпаққа насихаттауға шақырды.

Одан бөлек, өткен жылдың негізгі нәтижелері қорытындыланған келелі басқосуда мемлекет және қоғам қайраткерлері Бекет Тұрғараев, Шалатай Мырзахметов, Досыбай Шерімқұлов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Икрамжан Хашимжанов, Валерий Жерельев, Латипша Асанов, Бачах Алиев, Абдупаттах Абдазимов, Роза Пак, Ася Мухамедова және т.б. азаматтар сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі