Шымкентте​ А.С. Пушкиннің 220 жылдығы аталып өтті

0
1 821

Шымкент қаласында А.С. Пушкиннің туғанына 220 жылдығын арналған «Мен халықтың жадында мәңгі қаламын» тақырыбында шығармашылық кеш өтті. Мәдени шараға театрр әртістері мен мектеп оқушылары қатысып, Пушкин поэзиясын орыс, қазақ және өзге тілдерде мәнерлеп оқумен қатар, ақынның шығармаларына жазылған әндер мен романстарды орындады.


Шымкентте​ А.С. Пушкиннің 220 жылдығы аталып өтті

Шымкентте А.С. Пушкиннің туғанына 220 жылдығына орай, «Қазақстан халқы Ассамбмлеясы» ғимаратында қалалалық славян этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мен халықтың жадында мәңгі қаламын» тақырыбында шығармашылық кеш өтті - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық ассамблея мен білім бөлімінің басшылығы, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, студент жастар мен оқушылар қатысқан кеште ұлы ақынның шығармашылығындағы ізгілік, адамгершілік, достық секілді құндылықтар кеңінен дәріптелді. Іс-шараның өз деңгейінде өтуіне атсалысқан Шымкент қаласы театрларының кәсіби әртістері мен мектеп оқушылары Пушкин поэзиясын орыс, қазақ және өзге тілдерде мәнерлеп оқумен қатар, ақынның шығармаларына жазылған әндер мен романстар орындалды. Жиында сөз сөйлеген Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қоғамда ізгілікті қалыптастырудағы поэзияның рөліне тоқталып, қаладағы этномәдени бірлестіктер жанында әдебиет клубын ашуды ұсынды. Жастар жылында қолға алынатын игі бастама жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыруға зор ықпал ететіндігін айтты. Қалалық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Наталья Романованың айтуынша Пушкин мұрасы ғасырдан ғасырға жалғасын тауып келеді.

"Поэзияны құрметтейтін елдердің бәрінде Пушкинің шығармашылығына арналған кештер өткізіліп тұрады. Сондай игі шаралар Шымкент қаласында да тұрақты өткізіліп жүр. Ондағы мақсат әлем әдебиетінде жауһар жырларымен жарқ еткен Пушкин шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау, жас ұрпақты адамгершілікке, махаббатқа тәрбиелеу, олардың эстетикалық талғамын қалыптастыру болып табылады”, – дейді ол.

Бұған дейін ақынның мерейтойына орай жастар арасында 3 номинация бойынша байқау ұйымдастырылған болатын. Пушкин шығармаларына арналған романстарды, “Татьяна әнін” орындау және “Евгений Онегин” романы мен сол шығарма аудармаларынан үзінді оқу жөнінен жеңімпаз атанғандар осы кеште арнайы сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты шара шымкенттік мектеп оқушылары дайындаған мерекелік бал-кешіне ұласты.