Шымкентте «Ashyq» жобасына қатысуға мыңнан астам өтінім берілді

0
425

Қала бойынша барлығы 649 QR код берілді.


Шымкентте «Ashyq» жобасына қатысуға мыңнан астам өтінім берілді

Шымкентте «Ashyq» жобасына қатысу үшін 1148 өтінім берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында 2021 жылдың 26 сәуірінен бастап «Ashyq» мобильдік қосымшасы іске қосылған болатын.
Жоба 1-деңгейге шектеулерді әлсірету жолымен шағын бизнеске шектеу шаралары кезеңінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы, «қызыл» аймақтағы кәсіпорынға «сары» аймақтың қағидалары бойынша індетті жұқтырғандар мен олармен қатынаста болғандарды кіргізбей, жұмыс істеуге рұқсат етіледі (кеш уақыттары,демалыс күндері және т.б.)
2021 жылғы 22 маусымдағы жағдай бойынша «Ashyq» жобасына қатысу үшін қала бойынша 1148 өтінім берілді
Қала бойынша барлығы 649 QR код берілді. Шымкент қаласы әкімдігінің сайтында оның 574-і орналастырылған.
Мобильдік қосымша Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған (Ұлттық сараптама орталығы, бірыңғай ПЦР-зерттеулер порталы, COVID-19 бақылау орталығы, жекеше ПЦР-зертханалар, Президент Іс-Басқармасының Медицина орталығы) және ПЦР-тестер мен санитарлық-эпидемиологиялық зерттеулер деректерін пайдаланады.