​Шымкентте «АСТАНА БАЛЕТ» театрының ұжымы онлайн концерт өткізді

0
851

Шығармашылық қорда классикалық інжу-маржан қойылымдарымен қатар, заманауи хореографтардың бірегей туындылары орындалды.


​Шымкентте  «АСТАНА БАЛЕТ» театрының ұжымы онлайн концерт өткізді

Шымкент қаласында елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде белсенді қызмет атқарған медицина және полиция қызметкерлеріне арналған мерекелік кеш өтті. Кеште «Астана Балет» театры ұжымының онлайн концерттік бағдарламасы ұсынылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шығармашылық қорда классикалық інжу-маржан қойылымдарымен қатар, заманауи хореографтардың бірегей туындылары орындалды.

Концерттің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан елордалық өнер ұжымына алғыс білдіріп, арнайы марапаттады.
«Астана Балет» театры - 2012 жылдан бері өзіндік стилі мен қағидасы қалыптасқан, жаңа мен көнені тоғыстыра білген өнер ұжымы.

Шығармашылық ұжымның туындыларына қазақстандықтар ғана емес, Ресей, Қытай, АҚШ, Әзірбайжан, Франция, Италия, Белоруссия, Бельгия, Жапония мен Польша елдері де ерекше ілтипатпен, зор ықыласпен қарайды.