Шымкентте атмосфераның жай-күйін бақылау мақсатында LED-экрандар орнатылады

0
731

Шымкент қаласындағы атмосфералық ауа ластануының жай-күйін толық бақылау үшін 2 дана LED-экранды орнатуға жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.


Шымкентте атмосфераның жай-күйін бақылау мақсатында LED-экрандар орнатылады
Шымкентте атмосфераның жай-күйін бақылау мақсатында LED-экрандар орнатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.Бұл туралы Шымкент қалалық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ахмет Татыбаев мәлімдеді.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау мақсатында бүгінде Шымкент қаласындағы атмосфералық ауа ластануының жай-күйін толық бақылау үшін 2 дана LED-экранды орнатуға жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, алдағы уақытта улы заттар бөлетін орталарда мониторинг жасайтын 26 құрылғы орнатылады. Одан бөлек, қала әкімінің тапсырмасына орай жасыл белдеу қалыптастыру бағытында 21 544 гектар жерге географиялық орналасуына байланысты түрлі ағаштар егіледі, – деді Ахмет Өтегенұлы.
Спикердің сөзінше, қала басшысы Мұрат Әйтеновтің қаулысы негізінде жаңа жылдан бастап басқармаға қосымша міндеттер жүктеледі. Атап айтқанда, қаладағы саябақтар, гүлзарларды көгалдандыру мен су ресурстары (су қоймалары) бойынша атқарылатын жұмыстар толығымен табиғи ресурстар және табиғатты қорғау басқармасына өтпек.
Айта кетейік, басқармаға жыл басынан бері жоғарғы органдардан, жеке және заңды тұлғалар тарапынан 2 551 хат түскен. Оның 2 541-іне нақты жауап берілген.