Шымкентте аудан әкімінің орынбасары аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталды

0
581

Аудан әкімі 2 ай мерзімге қамауға алынды.


Шымкентте аудан әкімінің орынбасары аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен ұсталды

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық аудан әкімінің орынбасары мен әкімдіктің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олар адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы мегаполисті абаттандыру жөніндегі мемлекеттік сатып алу келісім шартын орындау кезінде кәсіпкерден қамқорлығы үшін 60 миллион теңге мөлшерінде пара алды деп күдіктелуде.
Шымкент қаласы сотының санкциясымен әкімнің орынбасары 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, - делінген жазбада.
Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз болып саналады.