Шымкентте әуежай жолының құрылысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

0
511

Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың 1-20 тамыз аралығында сызбаға сәйкес, жүзеге асырылады.


Шымкентте әуежай жолының құрылысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Шымкентте әуежай терминалына кіреберіс автомобиль жолының құрылысына байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында жаңа әуежай терминалына кіреберіс автомобиль жолының құрылысы жүргізілуде.
Жаңа автомобиль жолы мен Шалқаркөл көшесінің қиылысында құрылыс жұмыстары жүргізілуіне орай «Жиделі» шағынауданына қатынау «Сауда-логистикалық орталыққа» баратын автомобиль жолы арқылы ұйымдастырылатын болады.
Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың 1-20 тамыз аралығында сызбаға сәйкес, жүзеге асырылады.