Шымкентте аулада тұрған көлік жанып кетті

0
291

Тілсіз жау өрт шыққан көліктің жанындағы темір тұлпарды да шарпыған.


Шымкентте аулада тұрған көлік жанып кетті

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында тұрған көлік жанып кетті деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

4 шілде күні Шымкент қаласы Тыныбаев көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің ауласында тұрған "Kia" маркілі автокөлігі өртке оранған. Жүк салғышы мен артқы салоны түгелдей жанып кеткен. Тіпті жанында тұрған "Land Rover" көлігіне де өрт өтіп, алдыңғы бөлігі жанып кеткен.

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап, түгел өшірген. Өрт салдарынан жарақат алған немесе қайтыс болғандар жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 8 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылған.

Өрт сөндірушілер автокөлік иелеріне ерекше қырағылықпен көлік құралдарының өрт қауіпсіздігіне қарап, автокөліктің техникалық жай-күйін бақылап, мамандардың мамандандырылған автосервистерінде жүйелі түрде қызметіне жүгініп, уақытында техникалық тексеруден өтуі қажет деп ескертеді.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет