Шымкентте ауланы жуып-тазалау жұмыстары жүргізілуде (фото, видео)

0
2 446

Аталған жұмыстар алдағы уақытта қызмет көрсетуші мекемелер тарапынан тұрақты түрде жүргізіліп отырады


Шымкентте ауланы жуып-тазалау жұмыстары жүргізілуде (фото, видео)

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы Қаратау ауданында ауланы жуып-тазалау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қаратау ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы көп қабатты үйлер жанында орналасқан қоқыс алаңшаларының айналасын санитарлық дезинфекция және жууып тазалау жұмыстары атқарылуда.


Сондай-ақ, аталған жұмыстар алдағы уақытта қызмет көрсетуші мекемелер тарапынан тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

Айта кетейік, атқарылып жатқан жұмыстарды ұйымдастыру және қадағалау Қаратау ауданы әкімі аппараты халықпен жұмыс жүргізу бөлімі тарапынан орындалуда.