Шымкентте «Ауыл кеші көңілді...» атты ән кеші өтті

0
1 026

Іс шарада түрлі өнерпаздар өз өнерлерін көрсетті.


Шымкентте «Ауыл кеші көңілді...» атты ән кеші өтті

«Shymkala» этноауыл төрінде «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының» ұйымдастыруымен «Ауыл кеші көңілді...» атты ән кеші өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Іс-шараның басты мақсаты – ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүріміз бен ғұрыптық әндерімізді жас ұрпаққа насихаттау. Ән кешіне Түркістан облысының Жетісай, Сарыағаш, Арыс, Түлкібас, Созақ және Сайрам аудандары мәдениет үйлерінің өнерпаздары мен қаламыздың дәстүрлі әншілері қатысты.

- Қазақтың өнері мен дәстүрі мәдениетіміздің көрнекті саласы. Мәдениет саласына өзімнің 40 жыл ғұмырымды арнадым. Осы жылдары көп еңбектеніп, жақсы дүниелер шығардық. Қазіргі таңда жастарды да үйретіп жатырмыз. Оларға өз түйгендерімізбен бөлісіп, олар да бізге өзінің жаңашыл идеяларын ұсынады. Солай ерекше сыйлықтармен тойшыл қауымды түрлі сый-сияпатпен қызықтырып, жақсы көңіл күй сыйлаймыз. Біз бүгінгі ән кешіне «тойбастар» көрінісін алып келдік. «Дәстүрдің озығы мен тозығы бар» демекші, қазіргі тойбастар заманға сай түрленіп келеді, - деді Арыс қаласы мәдениет үйінің бөлім меңгерушісі Гүлсім Серікқызы.
«Ауыл кеші көңілді...» атты ән кешінде түрлі өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, жасы үлкен қария кісілер ақ батасын берді. Сонымен бірге іс-шараға қатысқан барлық өнерпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарын табысталды.