Шымкентте автобус пен жеңіл автокөлік соғысты (видео)

0
1 006

«Бұл бір аптадағы бесінші ДТП».


Шымкентте автобус пен жеңіл автокөлік соғысты (видео)

Шымкент қаласында №42 бағыттағы қоғамдық көлік пен «AUDI» жеңіл автокөлігі соқтығысқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Жанна Тулендиева есімді Facebook әлеуметтік желісін қолданушы жеке парақшасына жариялады.

«Қала əкімі Ерлан мырза, Қаратау Ауданы Әкімі Аппараты Қайтпас шағынауданы, Дайрабеков пен Сарыжайлау көшесінде бір аптада бесінші ДТП. Мына жерге мың келген полицейлер отчет бермей ме?», - делінген аталған жазбада.

Видеодағы куәгерлердің айтуынша, жоғары жылдамдықпен келе жатқан автобус жеңіл автокөлікті соғып, жолдан ысырып тастаған.

Айта кетейік, жол-көлік оқиғасының мән-жайы туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.