Шымкентте автобус жүргізушісі анасы мен қызын қағып кетті

0
492

Жүргізушінің айтуынша, жердің мұз-тайғақ болу себебінен автобус тоқтай алмаған.


Шымкентте автобус жүргізушісі анасы мен қызын қағып кетті
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкентте автобус жүргізушісі анасы мен қызын жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 10 ақпан күні сағат 09:30-да болған.
№37 маршрут бойынша автобус жүргізушісі рұқсат етілген жылдамдықпен жүре отырып, Уәлиханов көшесіндегі жаяу жүргіншілер өткелінде автобустың сол жақ бүйір бөлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Орын алған жағдайдан кейін анасы мен қызы жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта медициналық қорытындыға сәйкес, денсаулығына жеңіл зиян келтірілгені анықталды”, - делінген басқарма таратқан ақпаратта.
Жүргізушінің айтуынша, ол жаяу жүргіншіні байқап, шұғыл тежеуді басқан. Алайда жердің мұз-тайғақ болу себебінен автобус тоқтай алмаған көрінеді.