Шымкентте автовокзалдар жұмысын уақытша тоқтатты

0
878

Аталған қауіпті инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында мамандар қала тұрғындарына сақтық шараларына мұқият болуға шақырады.


Шымкентте автовокзалдар жұмысын уақытша тоқтатты

Шымкент қаласынан індеттің таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалааралық жолдарға қатынайтын автобустар тоқтатылып, автобекеттің жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған қауіпті инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында мамандар қала тұрғындарына сақтық шараларына мұқият болып, гигиеналық талаптарды сақтауға және мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен сапарға шықпаған жөн деп кеңес береді.

Сонымен қатар, автобекеттердің уақытша жабылуына түсіністікпен қарауға шақырады.