Шымкентте аз қамтылған отбасыларға дәрі қобдишалары таратылды

0
403

Бүгінгі таңда 20 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы дәрі қобдишаларын алды.


Шымкентте аз қамтылған отбасыларға дәрі қобдишалары таратылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте COVID-19 инфекциясының алдын алу мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырмасына сәйкес, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін дәрі-дәрмек қобдишалары таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шараға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері белсенділік танытып, қобдишалар АӘК алушылардың мекен-жайларына таратылды.
Дәрілік топтаманың ішіне термометр, 100 дана медициналық бетперде, қолға арналған антисептик, ибупрофен және парацетамол дәрісі кіреді.Жиынтықтардың құрамы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің негізінде айқындалған.
Айта кетсек, аталған әлеуметтік көмек түрі ағымдағы жылдың 15 шілдесінен бастап таратыла бастады. Бүгінгі таңда 20 мыңнан астам атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы дәрі қобдишаларын алды.
Жалпы қалада атаулы әлеуметтік көмекті алатын 30 мыңнан астам отбасы бар.
Шымкент қаласы бойынша қобдишалар «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде берілуде.