Шымкентте азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

0
843

Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтарының өнімдері ұсынылады.


Шымкентте азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Шымкент қаласында азық-түлік жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жәрмеңке 29 желтоқсан күні «Рахима Плаза» сауда орталығының жанында және 30-31 желтоқсан күндері «Қажымұқан» атындағы орталық стадион аумағында өтеді.

Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтарының өнімдері ұсынылады.
Қала тұрғындарын отандық өнімдер жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз.