Шымкентте балалар клиникалық ауруханасында ашық есік күні өтеді

0
1 527

Ашық есік күнінде қалалық дәрігерлер 09:00-14:00 аралығында қабылдау өткізеді.


Шымкентте балалар клиникалық ауруханасында ашық есік күні өтеді

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Шымкент қаласында 13 желтоқсан күні Асар шағын ауданындағы балалар клиникалық ауруханасында Ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ашық есік күнінде қалалық дәрігерлер 09:00-14:00 аралығында қабылдау өткізеді. Қабылдау барысында, эпилептолог, нефролог, кардиолог, травматолог дәрігерлері және УДЗ мамандарынан кеңес алуға болады.

Айта кетейік, ашық күні балалардың дәрігерлер көмегіне жүгінуі үшін жолдама қажет етілмейді.